Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Емтихан алдында қатты қобалжыған қыздың денесінен тердің орнына қан шыға бастады

Вьетнамда 11 жасар қыз мектептегі емтихандарға дайындық кезінде терлегенде денесінен қан шыға бастаған. Дәрігерлердің пікірінше, мұндай жағдай күйзелістің салдары болуы мүмкін.

Емтихан алдында қатты қобалжыған қыздың денесінен тердің орнына қан шыға бастады

Қазіргі уақытта оқушы қыз Вьетнамдағы ауруханалардың бірінде ем алып жатыр, деп хабарлайды Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Дәрігерлер оған  «гематидроз» диагнозын қойған. Бұл – адам терлеген кезде тер қанмен араласып, ұсақ тамырлардың зақымдануына байланысты тері арқылы өтетін патологиялық жағдай.

Дәрігерлердің пікірінше, қыз алдағы емтихандар үшін күйзеліске түсіп, осындай жағдайға жеткен. Оқушы қыз емтихандарға дайындық кезінде күніне 3-4 рет қанмен терлеген.

Емтихан алдында қатты қобалжыған қыздың денесінен тердің орнына қан шыға бастады

Дәрігерлер гематидроз дерті адам өмірінің ұзақтығына әсер етпегенімен, оның сапасын айтарлықтай төмендететінін айтты.

Айта кетсек, бұл аурудың нақты емі жоқ. Сондықтан дәрігерлер бірінші кезекте жас пациентін тыныштандырып, күйзелістен арылуға көмектеспек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау