Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Емханада екпеден соң көз жұмған ер адамның жақындары кінәлілердің жазалануын талап етуде

Алматы облысының Бәйтерек ауылында 65 жастағы ер адам жергілікті амбулатория медбикесінің екпесінен кейін бақилық болған.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Дәрігердің ескертпесін елемеген ол науқастың аллергиясының барына қарамай, сынама да жасамай еге салыпты. Жағдайы сол мезетте-ақ ушыққан зейнеткер тура емхана ішінде жап тапсырған. Марқұмның жақындарының аллергияның бетін қайтаратын дәрі таппай сандалған дәрігерлерлерге де өкпесі қара қазандай.

Марқұмның әйелі медбикеге жолдасының екпеге аллергиясы бар екенін де бірнеше рет ескерткенін айтады.

“Ешбір сауалымызға Денсаулық сақтау министрілігі де, облыстық денсаулық сақтау басқармасы да ешбір жауап қатқан жоқ”, – дейді марқұмның қызы Ирина Сивак.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын айтты. 

“Егер комиссия медицина қызметкерінің кінәсі дәлелденген заңға сай анықтама жіберетін болса, олар міндетті түрде жауапқа тартылатын болады”, – дейді Ержан Сүлейменов Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі.

Александр Сивактың жақындары бұдан былай да осындай жағдай болмас үші бұл істің ақ-қарасын ашпақ.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда әйелге жасартатын дәрі егіп өлтіріп алған косметологқа үкім шықты

Талқылау