Еміне бүкіл әлем болып көмек қолын созған тараздық қыз қайтыс болды

Өмірінің басым бөлігі қатерлі аурумен күреспен өткен тараздық қыз Айымжан Досжан 6 сәуір күні Санкт-Петербургтегі аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Еміне бүкіл әлем болып көмек қолын созған тараздық қыз қайтыс болды

Бұл туралы қыздың туыстары Instagram желісінде хабарлады.

Туыстарының сөзінше, кішкентай қыздың өкпесіне қан құйылған.

«Бізді, ересектерді, кешірші, бүлдіршін… Біз үлгермедік, қолымыздан келмеді. Күнім, сен Құдайға жақын, жұмақта боласың. Сен мәңгілік біздің жүрегіміздесің», – деп жазды жақындары.

Айымжан 2 жасында дертті болған. Мәскеуде мамандар ішастар арты кеңістігінің қатерлі ісігі, яғни 4-дәрежедегі нейробластома диагнозын қойған. Қыздың анасы оны емдету үшін Оңтүстік Кореяға алып кетуге мәжбүр болды. Ол жақта Айымжан ұзақ уақыт емдік курстардан өтіп, 32 химиотерапия, ісікті жою бойынша 2 ота, 2 рет сүйек кемігін алмастыру және радиология процедуралары жасалған.

Кішкентай қыз көптеген ауыр процедураларға төзе білді. Алайда 2016 жылдың тамыз айында ауруы қайталанған. Ол шамамен бір жыл бойы рецидивке қарсы химия алған. Ал бұл ем міндетті түрде Германияда жалғастырылуы тиіс.

Айта кетсек, 21 мамырда Айымжан 8 жасқа толар еді.

Осы жылдар бойы Айымжанның отбасына мыңдаған қайырымды жандар көмек қолын қозған. Қазақстан бойынша еріктілер жәрмеңкелер, аукциондар, қайырымдылық марафондары мен концерттер өткізді.  Ал қыздың жағдайына бей-жам қарай алмаған адамдар әлем бойынша көмек қолын созып, қажетті қаражатты аударып жатты. Мысалы, ресейлік танымал әнші Зара кішкентай қыздың еміне 30 мың еуро (11 миллион теңгеден аса) берген еді.

Оқи отырыңыз:

Атырауда жолаушылар тасымалы үшін ескі көліктер сатып алған компания үлкен дауға қалды

Қазақстандық мектептер латын қарпі бойынша білім беруге қашан көшеді?

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінен аясуыз соққыға жығылған мұғалім табылды

Қостанай облысында құдықтан табылған сәбиді өз анасы өлтірген болуы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар