Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елжан Біртанов дәрігерлердің орташа жалақысы қанша екенін айтты

Қазақстанда дәрігер орташа есеппен 142 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кешегі жиналыс барысында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Елжан Біртанов дәрігерлердің орташа жалақысы қанша екенін айтты

«Дәрігерлердің айлығы туралы айтатын болсақ, жалпы жалақының көтеріліп келе жатқанының оң үрдісі байқалады. Өткен жылдың аяғында біз мұқият талдау жасадық, іс жүзінде барлық мемлекеттік ұйымдардан кімнің қолға қанша алатыны туралы мәліметтер жинадық. 2018 жылы дәрігерлердің нақты орташа жалақысы 142 мың теңгені құрайтынын көрдік. Жыл сайын дәрігерлер мен медбикелердің де жалақысының көтеріліп келе жатқанының біршама үрдісі байқалады», – деді Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Министр мамандықтар бойынша бүгінгі күні алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің ең көп жалақы алатынын мәлімдеді. Дегенмен денсаулық сақтау министрлігінің басшысы олардың нақты қанша алатынын ашып айтпады.

«Біз бұған шынымен де қол жеткіздік және қол жеткізе береміз. Біз алғашқы медициналық көмек қызметкерлері ең жоғары жалақы алулары тиіс деп санаймыз. Және олардың рөлі денсаулық сақтау жүйесінде белсенді болуы керек», – деді ол.

Елжан Біртанов сондай-ақ, бейінді емес қызметкерлердің (клиникалар мен экономикалық блок басшылығының) дәрігерлерден де көп айлық алатынын атап өтті.

«Мұнда біз үшін аздаған резервтер бар деп ойлаймын. Біз неліктен оңтайландыру, әсіресе ауруханаларды оңтайландыру керек дейміз? Бізде аурухана төсегі жеткілікті дейміз, бірақ ауруханалар өте көп. Ал ауруханаларды оңтайландыру елеулі әкімшілік шығындарды босатуға мүмкіндік береді», – деді министр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр