Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорданың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов кім?

11 қыркүйекте бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов елорданың жаңа әкімі ретінде тағайындалды. Елордамыздың жаңа әкімі туралы не білеміз?

Елорданың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов кім?

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы 1971 жылы 29 қарашада туылған. 1988 жылы Алматы қаласындағы физика-математика интернат-мектебін тәмәмдаған. 1994 жылы инженер-электрик мамандығы бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетін, 1995 жылы – экономист мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған.

Қызмет бабын 1994 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі болудан бастаған.

1995 жылы – бөлім басшысы, 1996 жылы – басқарма басшысының орынбасары, 1997 жылы – Бюджеттік департаменті директорының орынбасары, 1998 – Мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры, 1999 – Қазынашылық департаменті директорының орынбасары, 2001 – Бюджеттік департаменті директорының орынбасары, 2002 – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің мемлекеттік бюджет Департаментінің директоры болып қызмет жасаған.

2002 – 2003 жылдары – Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.

2003 – 2006 жылдары – Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.

2006 – 2007 жылдары – Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы.

2007 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.

2007 – 2010 жылдары – Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2010 жылы Қазақстан Республикасы президентінің қаулысымен президент көмекшісі болып тағайындалды.

2012 – 2013 жылдары – Президент әкімшілігі төрағасының орынбасары.

2013 – 2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі.

2018 жылдың 11 қыркүйегінде президент қаулысымен Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

Stan.kz тілшісіне пікірін білдірген саясаттанушы Ерлан Саировтың айтуынша, Бақыт Сұлтанов – бірнеше жыл бойы Қаржы министрілігін басқарып келген білікті қаржыгер және қаржы саласында еңбек еткеннен кейін өте өзекті қаржыны жұмсау немесе оны бақылау мәселелерін дұрыс шешеді деген  ойда.

“Менің ойымша бүгінде елорданың басшылығына осы қаржы саласында менеджер болатын азаматтар келуі керек болды билікке. Сонымен қатар, Астананың дамуына басқаша бір көзқарас қажет, аяқты кезде елордамызда көптеген проблемалар пайда болды. Бастысы астанамыздың инфрақұрылымын ары қарай дамыту керек. Туындаған үлкен мәселелердің бірі – жаңбыр жауып қаланы су басып кеткен болатын. Осы себептер қаланың дамуына технарлық көзқарас, қаржыгерлік көзқарастың қажет екенін көрсетіп отыр. Міне, осы мәселелер бойынша Бақыт Сұлтановты Астана қаласынының әкімі орнына тағайындап отыр. Бұл заманның тенденциясына сай және мұның дәлелін болашақ көрсете жатар. Бірақ ең негізгі мәселе осы инфрақұрылым және қаржыны оңтайлы игеру сұрақтары.”, – деп ойымен бөлісті Ерлан Саиров.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау