Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық супермаркеттердің бірінде картоп 5 мың теңгеден сатылып жатыр

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында Астана супермаркеттерінің біріндегі картоп бағасына қатысты пікір талас жүріп жатыр.

8e4ba85d-6b10-45c5-b4a3-f55631e9c212

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

Еркебұлан Кенжеболатов атты қолданушының Facebook желісіне жариялаған суретіне қарағанда, елордалық сауда үйінің бірінде картоптың келісі 5 мың теңгеден сатылып жатыр.

Желі қолданушылары картоп бағасына таңданыс білдіріп, талқылай бастады. «Сатылымға осындай бағада картоп шыққан болса, оны сатып алушы да бар деген сөз. Бұл нарық заңдылығы», – дейді Гүлден Рүстемова есімді қолданушы.

«Бұл өте ерекше сұрыпты картоп. Оның нарықтағы картоптарға еш қатысы жоқ. Олар Франция жерінде өсіріледі. Картоптар әуетасымалы арқылы жеткізілетіндіктен осындай бағаға шығып тұр. Картоптың өзіндік құны бағасынан сәл төмендеу», – дейді тауарды Galmart супермаркетіне өткізуші «Жеті аспан» ЖШС-нің өкілі, сату бөлімінің менеджері Қаламқас Жанбосынава.

Оның айтуынша, мұндай элиталық картоп түрін елордалық мейрамхана өкілдері де сатып алатын көрінеді. Ал, сауда нүктесінде бір апта ішінде «трюфель» деп аталатын бұл картоптың 16 келісі сатылып кетеді екен.

Талқылау