Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық компанияда сынақтан өтіп жатқан есепші 3 млн теңгені жеке шотына аударып алған

Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімінің «б» тармақшасы (ірі көлемде алаяқтық жасау) бойынша айыпты деп танылған М. қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

есепші
«Сот қарауы барысында анықталғандай, сотталушы М. елордалық ЖШС-ның бірінде сынақтан өтіп жүрген кезінде компанияның банктік шотынан 3 330 000 теңгені өзінің есеп-шотына бірнеше траншпен аударып алған», – деп хабарлады Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

Сот отырысы кезінде сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, материалдық шығынды өтеді. Соттың үкімімен М. жоғарыда аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Айта кетерлігі, сот сотталушыға қатысты пробациялық бақылау тағайындады.

Үкім заң күшіне енген жоқ.

Талқылау