Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын баяндады

Ақмола облысында АН-2 ұшақ апатынан зардап шеккен екі науқастың жағдайы ауыр.

Елордалық дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын баяндады

"1990 жылы туған науқас ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Оған бас миының ашық жарақаты, бас сүйегінің сынуы, миының шайқалуы деген диагноз қойылды. Ол темір жол ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың бас миына ота бүгін жасалады. 

1992 жылы туған екінші науқас  Нұр-Сұлтан қалалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында жатыр. Оған жабық ми жарақаты, ми шайқалуы және бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. Екеуінің де жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресуде. Екінші науқасқа ота жасалмайды", - деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы стационарды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Желеухан Пірімқұлов.

Айта кетейік, Ақмола облысындағы Родина аулының маңында Ан-2 ұшағы құлады. Апат салдарынан ұшқыш көз жұмған.

Талқылау