Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордадағы “Байқоңыр” тұрғын үй кешенінде өрт болды

Астанадағы “Байқоңыр” тұрғын үй кешенінде өрт болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

61654ec495f7023d-

Сурет krisha.kz

“Бүгін түнгі 02:12-де елорданың өрт сөндіру қызметіне «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны жөнінде хабарлама келіп түсті. 02:17-де өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. ТЖ қызметкерлері бара салысымен үйдің 5-9 қабаттардағы кабель шахтасынан өрт шыққанын, шамамен 5-20 қабаттар аралығы түтінге толып кеткенін анықтады. 02:35-те тілсіз жау толығымен ауыздықталды”, – деп хабарлайды Руслан Иманқұлов.

Оқиға орнында өрт сөндіру жеке құрамының 50 адамы мен 9 негізгі және арнайы техника жұмыс істеді. Сондай-ақ, ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығының және жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп, түтінге уланған 2 адамға жәрдем көрсетті. Барлығы 230 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

“Қазіргі сәтте біздің қызметкерлер қандай да бір қауіпті анықтау үшін пәтерлерді аралап, тексеріп жатыр”, – деді ресми өкіл.

Талқылау