Елордада көпбалалы ана бизнеспен айналысып, 5 баласын жалғыз асырап отыр

Елорда тұрғыны Жәмила Наурызбаева 5 баланы жалғыз асырап отыр. Ол өмірдің қиындықтарына қарамай бала-шағаны асырауға болатынын айтады. 

Елордада көпбалалы ана бизнеспен айналысып, 5 баласын жалғыз асырап отыр

Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Жәмила Наурызбаева бүгінде кәсіпкер атанып отыр. Осы уақытқа дейін тек жәрдемақыға күн көріп келген. Енді өз ісін ашып, жеміс-жидек сатуды қол алған. 

"Бастапқыда бес баланы жәрдемақымен асырадым. Бір ғана жәрдемақыға бес баланы асырау мүмкін емес. Ұзақ ойлана келе, әрекет жасау керек деп шештім. Осылайша жеке жеміс-жидек, көкөніс сататын орын аштым", - деді ол. 

Балалары да жауапты болып үйренген. Анасына кедергі келтірмей, бұзықтық жасамайды екен. 

"Балаларым артық мазаламайды. Менің күні-түні жұмыс істейтінімді біледі. Қандай жағдай болмасын балаларым үшін еңбек ету керек екенін түсінем. Құдай көмектесіп жатқан шығар, әйтеуір бір күш бойымнан табылып тұрады", - деді Жәмила Наурызбаева. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр