Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада дәмханадағы бәлішті тышқан кеміріп жатқан сәт жарияланды: ДСБ дәмхананың тексерілмейтінін атады

Нұр-Сұлтан тұрғындары дәмхананың бірінде бәлішті тышқан кеміріп жатқанын байқап қалды. Олар бұл сәтті видеоға түсіріп, желіге жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Елордада дәмханадағы бәлішті тышқан кеміріп жатқан сәт жарияланды: ДСБ дәмхананың тексерілмейтінін атады

Видеодан мұның "Тибет" дәмханасы екенін көруге болады. Видео авторы дәмхананың "Дәулет" сауда орталығында екенін атады. 

"Біз ол жағдайды кеше әлеуметтік желіден көрдік. Бар мәселе ол жердегі нысандар шағын және орта кәсіп  болғандықтан, санитариялық түрлі тексерістен босатылған. Тексерілмейді. Тек қала тұрғындарынан шағым түскен жағдай да ғана тексеріледі. Егер жазбаша түрде түсірілген шағым болса, онда арнайы комиссия құрылып біз тексеріске шығамыз. Ал оның қорындысы тікелей прокуратураға жөнелтіледі.

Заң бойынша видео, аудио, фото жариялымдар тексеріуге негіз бола алмайды. Түсірілген видео үшін ол жерді барып тексере алмаймыз. Бұл негізсіз. Олар  тексерілмейтіндіктен санитариялық белгілерді бұзып жұмысын жалғастыра береді. Заң бойынша оларға тосқауыл бола алмаймыз. Шағын және орта бизнес мекемелері бұндай тексерістен босатылған. Мүлде тексерілмейді. Қала тұрғындары шағымды egov сайты немесе түрлі электронды хаттар арқылы түсіре алады. Ал бұл жағдайға байланысты ешқандай арыз-шағым келіп түспегендіктен, ол мекеменің жұмысын тоқтатуға қауқарсызбыз. Әрине, бұндай жағдайдың орын алып отырғаны сұмдық", - дейді Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының төрағасы Сәдуақас Байғабұлов.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр