Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Баланың басы қысылған: Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушісі кешірім сұрамай қашып кетті

Нұр-Сұлтан қаласында автобустың есігі жабылғанда 6 жасар баланың басы қысылып қалған. Баланың анасының сөзінше, оның бетінде есіктің ізі қалып, құлағы қызарып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Instagram желісіндегі astanovka98 парақшасында жарияланған жазбада оқиғаның 13 мамырда сағат 8-дің шамасында №18 бағыттағы автобуста орын алған жазылған. 

«Медицина орталығы» аялдамасына келіп жеткен автобус жүргізушісі алдымен, ережеге сәйкес, алдыңғы есігінен адамдарды кіргізген. Артынша ортаңғы және артқы есіктерін ашып, бірден жауыпты. Сол кезде анасы мен ұлы артқы есіктен шығып бара жатқан. Алайда бала сыртқа шығып үлгермей, есіктердің ортасына басы қысылып қалған. Сол жерде болған адамдар балаға көмектесуге асығыпты. 

«Баланың айқайын естіп, жүргізуші есікті ашты. Анасының сөзінше, баланың бетінде есіктің ізі қалып қалған және құлағы қатты қызарып кетіпт», - делінеді жазбада. 

Сонымен қатар баланың анасы олар автобустан шыққан бойда жүргізуші есікті жауып, кешірім сұрамай, кетіп қалғанын айтқан. Әйел автобустың нөмірін жаттап алып, арызданыпты. 

Өз кезегінде «Астана LRT» компаниясының баспасөз хатшысы Әлия Жарқымбекова жүргізушінің жұмысынан шеттетілгенін мәлімдеді.

«Жүргізуші Мағзұмов мамырдың 17-сі күні өтетін тәртіптік кеңеске шақырылды. Жауабын береміз», - дейді Жарқымбаева. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр