Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада ақшаға сатылып кеткен жас шенеунік алты жылға сотталды

Бүгін Астананың жолаушылар көлігі басқармасының бұрынғы басшысы Еділ Сүлейменов 6 жылға сотталды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Фото: m.khabar.kz

Үкімді тыңдауға карьерасы басталмай жатып аяқталған атқамінердің тек туған-туыстары келді. Одан әріптестері де сырт айналған секілді. Ал үш бап бойынша айыпталған 33 жастағы шенеуніктің құлқыны кең екен.

Жолаушылар көлігі басқармасының экс-басшысы 2 миллион теңге параны қызметтік кабинетінде санап алып жатқан сәтінде ұсталған. Оның 1 жарым миллионын жылдамдықты азайтатын жолдағы белгіні алып тастау туралы актіге қол қойып, кәсіпкерді қара тізімнен шығару үшін алған.

Тағы 600 мың теңгені аялдамаларды сырлау, жуу туралы актіге қол қойып бергені үшін қалтасына басыпты. Сондай-ақ Сүлейменов әрбір ұтып берген тендеріне бизнесмендерден 10 пайыз сыйақы жинап отырған. Енді жалпы тәртіптегі түрмеге жабылған атқамінер өмір бақи мемлекеттік қызметке де жолай алмайды.

Талқылау