Елорда әкімдігі: Мұғалімдерді дауыс беруге ешкім мәжбүрлемейтін болады

Нұр-сұлтандық мұғалімдер сайлау жұмыстарына жегілмейді. Елорда әкімдігінің өкілдері осылай деп жар салды бүгін. Тіпті дауыс беруге де ұстаздарды мәжбүрлемейміз, тек шақырамыз дейді шенеуніктер.

Елорда әкімдігі: Мұғалімдерді дауыс беруге ешкім мәжбүрлемейтін болады

Өткен сайлаулардағы кемшіліктерді ескерген бас қаланың билігі алдағы саяси науқанның дайындық шараларына жұмыссыз азаматтар мен студенттерді тартпақ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Бірақ бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Себебі мұғалімдер көше-көше, үй-үйді аралап, әркімнің есігін қағып, босағасын сығалап жүрмейді. Мұндай бақыт әзірге бас қаланың мұғалімдеріне бұйырмақ. 

"Біз сайлау комиссиясының құрамына кіруге ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз. Сайлау комиссиясы тиісті тәртіп бойынша әр бес жыл сайын жаңартылып отырады. Қазіргі комиссияның ішінде әр түрлі санаттағы адам бар. Мұғалімдер де, басқа да мекеме ұйымдардың қызметкерлері кірген", - дедң қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахмеджанов.

Нұр-сұлтандық шенеуніктердің сөзінше, мұғалімдерді мәжбүрлемейді, бірақ кейбір белсенді педагогтар сайлау комиссиясының құрамына кіріп алған. Өз еріктерімен дейді. Әбден еті үйренген мұғалімдер бұл сайлаудан да шет қалмапты. Көпті көрген ардагер ұстаздар да сайлаумен өткен түндерін ұмытпапты. Күндіз сабақ беріп, кеш батқанда үй-үйді аралап, тегін жұмыс істеген кездерді еске алғанда езуге күлкі үйіріледі. 

"Дауыс берушілердің үйлеріне кешке қарай баратын. Өйткені жаңағы тізім құру үшін ол кісілердің құжаттары керек, ол кісілермен ауызба-ауыз сөйлесу керек қой. Көбі жұмыста болады дауыс беруші кісілер. Сондықтан оларды үйлерінен табу үшін көбінесе жұмыстан кейінгі уақытта баратын. Қосымша төлем тек қана сайлау учаскесінің мүшелеріне ғана төленетін. Анау үй-үйді аралап, тізім жасайтындарға ешқандай ештеңе төленбейтін", - деді ардагер ұстаз Шәрбән Нұрпейісова.

Ардагер ұстаздардың қазіргі мұғалімдерге қызығатын тұсы көп. Тіпті  қазір сайлау жұмыстарына тартпақ тұрмақ, нұр-сұлтандық педагогтарды дауыс беруге де мәжбүрлей алмайды ешкім. Егер директорлар қыр көрсетіп, дауыс көтеріп жатса, 109 нөміріне шағымдана алады. 

Мұндай өтінішті тек мұғалімдерге ғана емес, барлық бюджеттік мекеме қызметкерлеріне айтамыз дейді елордалық шенеуніктер. Негізінен сайлауға дайындық шараларына студенттер мен жұмыссыз азаматтарды тартуды көздеп отыр. Үй-үйді аралаған кезде олардың жанында полиция қызметкерлері бірге жүреді.  

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр