Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында екінші орынға ие болды (видео)

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында екінші орынға ие болды

Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатында бірінші орынды ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада чемпионы Алина Загитова қанжығасына байлады. Екінші орынды қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева-224,76 ұпаймен иеленсе, ресейлік Евгения Медведева - 223,80 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламадан кейін Элизабет екінші орынды иеленді. Еркін бағдарламада ол жасаған төрттік сальховты мүлтіксіз орындады.  Осылайша, қазақстандық спортшы ересектер жарысында (әйелдер арасында) алғаш рет осы күрделі секіруді орындаған спортшы ретінде мәнерлеп сығанау тарихына енді. Оған дейін бұл элементті тек юниорлар орындаған.

Элизабет Турсынбаева

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеуде 2000 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. 2012-2013 жылдары жаттықтырушы Этери Тутберидзе тобында жаттығып, кейіннен канадалық бапкер Брайан Орсерге ауысты. 2014 жылы ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 11 орынға ие болған. 2015 жылдан бастап ересектер жарыстарында өнер көрсетеді. 2018 жылдың ақпан айында Олимпиада ойындарында ол 12 орында болған еді. Осыдан кейін ол Этери Тутберидзе командасына қайта оралды, онда келесі олимпиадаға дейін жаттығуды жоспарлап отыр. Этери Тутберидзе олимпиада чемпиондары Юлия Липницкая мен Алина Загитованы тәрбиелеген.

Айта кетерлік бір жайт, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың ешқайсысы Элизабетке дейін әлем чемпионатының тұғырына көтерілмеген.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр