Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізге шетелден келген этникалық қазақтарға жұмысқа орналасу жеңілдейтін болды

Қазақстан үкіметі шетелде этникалық қазақтардың елімізде жұмысқа орналасуға рұқсат алуды жағдайын жеңілдетуді жоспарлап отыр, деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

777

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Бүгінгі үкімет отырысында министр: “Этникалық қазақтар үшін елімізге уақытша келіп жұмыс істеуге мүмкіндік жасау үшін, жұмыс берушілер тарапынан жеңілдетілген механизмді қарастырамыз”, — деген пікір айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың тілшілерге берген сұхбатына сәйкес, шетелдерде шамамен 4 миллион қазақ тұрады.

“Біз шетелдіктерге қарағанда, этникалық қазақтар үшін қолайлы жағдайлар жасаймыз.

Яғни, егер кел-кезген шетелдік елімізде жұмыс жасау үшін арнайы рұқсат алуды қажет ететін болса, Қазақстанда жұмысқа орналасуды қалаған, бірақ оралман болып тіркелмеген этникалық қазақтар үшін жағдайды жеңілдетеміз”, — деді Нұрымбетов.

Дүйсенованың берген мәліметтеріне орай, Қазақстан Президентінің ұсынысына сәйкес шетелде тұратын этникалық қазақтардың әлеуетін қарастыру қажет. Ол үшін олармен байланысты нығайту қажет. Осы мақсатта Дүниежүзілік қазақтар ассоциациясына этникалық қазақтардың тұрғылықты мекендерінде мәдени орталықтар құруға ықпал етіп, олармен тығыз қарым-қатынас орнату көзделіп отыр.

“Шетелде тұратын этникалық қазақтарды, олардың ішінде білікті мамандарды елімізде мақсатты түрде жұмысқа тарту шараларын жүзеге асыру үшін жеке электронды мәліметтер базасын құру қарастырылып жатыр”, — деп мәлімдеді Дүйсенова.

Бұған дейін белгілі болғандай, экономиканың инновациялық секторларына білікті мамандарды тарту үшін, шетелдік мамандарға жұмысқа орналасуға рұқсат етудің үш түрлі деңгейі қолданылады.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды (видео)

Елімізде діни-жоралғылар бір тәртіппен өткізілетін болды

Талдықорғанда шенеунікті шапалақпен ұрған шаруа сотталып кетті

Павлодарда премьер Сағынтаевтың қолынан пәтер кілтін алған отбасы далада қалғалы тұр

Талқылау