Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізге келуші туристер санын арттыру үшін, кеден қызметкерлері мен шекарашыларға күлімсіреуді үйретіп жатыр

Алматы әуежайының қызметкерлерін күлімдеуге үйретуде. Кеден қызметкерлері мен шекарашылардың шыдамсыздығы сонша, туристердің қалаға қайтып келгісі жоқ. Қазіргі уақытта 500-ге жуық адам шет мемлекеттерден келген қонақтарды қалай қарсы алу керектігін үйрену үшін психологтарға барып жүр.  Бұл және басқа да мәселелер Қазақстандағы туризмді дамытуға арналған конференцияда талқыланды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: azh.kz

Қар жамылған Швейцария көрінісі, Германиядағы ескі сарай және Қазақстандағы ұлы Шарын шатқалы. Даниялық кәсіби фотограф Федя Салибашич жер бетіндегі ең көркем жерлерді әлеуметтік желіде жиі жариялайды. Блогер оқырмандарына өз көзіңмен тамашалауға тиіс қалалар мен мемлекеттер тізімін ұсынып, кеңес беріп отырады. Аталған тізімде Алматы да бар.

«Соңғы 10 жылда 50-ге жуық мемлекетті араладым. Болған қалаларымның санын атай да алаймын. Бірақ Алматы менің жүрегімді жаулады. Ол маған сыйлаған бейбітшілік сезімімен, мейірбан әрі әдемі адамдарымен ерекше ұнады. Ал табиғаты, тіпті, таңғажайып! Оны өз көзіңмен көруің керек», – дейді блогер Федя Салибашич.

Туризмді дамыту мәселесі талқыланған конференцияда Алматы қаласының әдемі, алайда танымал еместігін мойындады. Қонақтардың кейбірін Қазақстан тарапының есебінен шақыруға тура келеді. Қазіргі уақытта Алматыда Ресей, Қытай, Сингапур, Малайзия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен келген шет елдік туристік фирмалар өкілдері бар. Олардың ұшып келуі, елімізде өмір сүруі мен тамақтануы төленді. Сонымен қатар ұлттық асханамыз, ең үздік мейманханалар мен көрікті жерлер таныстырылды. Бәлкім, олар еліне оралғаннан кейін отандастарына Алматыға барып көруге кеңес беретін болар.

Мұнан басқа да мәселелер жетерлік. Мысалы, алматылық әуежай қызметкерлері шет мемлекеттерден келген қонақтарды қалай қарсы алу керектігін білмейді. Кеден қызметкерлері мен шекарашылар жүзінің суықтығы мен шыдамсыздығы себепті туристердің Алматыға қайтып келгісі жоқ көрінеді. Қазір бұл мәселе де қолға алынған.

«Кеденшілер, шекарашылар, желілік полиция бөлімі, такси қызметкелерімен психологтар жұмыс жасауда. Қарапайым тілмен айтқанда, оларға күлуді, қонақжайлықты үйретіп жатыр. Шамамен 500 адам оқытылады. Менің ойымша, біраз уақыттан кейін айтарлықтай өзгерісті байқауға болады», – дейді Алматы қаласындағы туристік ақпараттық орталығының директоры Әсел Нұркебаева.

Қазақстандық туристік операторлар Алматыда шет елдік туристердің қызықтыратын әрі таңдандыратын орындар көп екеніне сенімді. Шарын, Медеу және Көктөбе – табиғаты ерекше жерлер. Бірақ еліміз жайлы шет елдерде біле бермейді. Тіпті, кей адамдар ғаламшарымызда үлкендігі бойынша 9-орынды иеленген мемлекет халқының әлі де көшпелі тіршілік етіп, киіз үйде тұрып, үйір-үйір жылқының соңында жүргеніне сенімді.

Алайда шет елдік турист Қазақстанды тамашалауды ұйғарса, саяхат құны қандай болмақ? Ол туристік операторларға да беймәлім. Кейбірі елімізде бір апта уақыт өмір сүруге, саяхаттауға және тамақтануға 250-300 АҚШ доллары қажет десе, өзгелері мұндай бағаны жоққа шығарып отыр.

«Үш жұлдызды мейманханаларда тұрақтау құны тәулігіне 45 долларды құрайды. Сондықтан бізде, айталық, 5 күн, 4 түнге арналған тұрақты бағдарлама бар. Бұл адам саны 50-ді құрағандағы ең төменгі баға. Біз ұсынатын баға 408 долларды құрайды», – дейді туристік фирманың бас директоры Гүлбарша Молдахметова.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанның сыртқы қарызы 7 ай қатарынан тоқтаусыз өсіп келеді

Сот бизнесмен Қайрат Жамалиевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Шымкентте анасы өлімші етіп сабаған 7 жасар бала тағы да ауруханаға түсті

Жезқазғанда күйеужігіт балконға шыққан қалыңдығын кранмен «алып қашты» (видео)

Талқылау