Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізге аптап ыстықтың екінші толқыны келді

Синоптиктер шілденің 25-нен 29-ы күндері бес бірдей облыста ауа температурасы қырық градустан асып, жекелеген өңірлерде 45-ке жетеді деп отыр. Күннің шамадан тыс қатты қызуы биылғы жылы осымен екінші рет болып отыр.

Anomalnaya-jara-postepenno-otstupit-v-Kazahstane-v-blijayshie-dni-0-620x336

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Шіліңгір шілденің ыстығы оңтүстік тұрғындарын абдыратты. Күннің қайта ыситыны туралы қайта-қайта хабарлама жіберіп жатқан соң ба, әйтеуір көшеде үлкендердің қарасы аз. Жазғы демалысты оқушылар субұрқақ маңында өткізуде.

Ыстыққа шыдамаған халық сақтанудың түрлі тәсіліне көшкен. Тұрғындар бөлмеге қоятын желдеткіш сатып ала бастаған. Қымбат түріне қол жеткізе алмағандар, базардағы қарапайым түріне ағылғандықтан тауар таусылып қалды дейді сатушылар.

Оңтүстіктен бөлек еліміздің бес бірдей облысында күн күрт ысуы мүмкін. Қарағанды облысы 25-29 шілдеде 40.42 градус, Қызылорда облысы 25-29 шілдеде 45 градус, Жамбыл облысы 26-30 шілдеде 43 градус, Алматы облысы 26-30 шілдеде 43 градус, Оңтүстік Қазақстан облысы 25-29 шілдеде 45 градусқа дейін ысымақ.

Дәрігер мамандар егде жастағыларға, жүрек қан-тамырлары ауруына шалдыққан азаматтар мен қан қысымы жоғары кісілерге үйде отыруға кеңес береді.

Оқи отырыңыз:

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған педофилді соққыға жыққан қарауыл қызметінен қуылды (видео)

Египетте 6 қазақстандық студент жоғалып кетті

Талқылау