Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан билігі оралмандарға арнап жаңа мемлекеттік бағдарлама шығарды

Қазақстан билігі оралмандарға арнап жаңа бағдарлама дайындады. Оңтүстіктен көшіп келетіндер үшін барлық жағдай қарастырылған. Тіпті, баспанамен қамтылады.

20160428113246

Сурет: www.inform.kz 

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

1991 жылы Қазақстан тарихи отанына оралғысы келетін қандастарымызға мүмкіндік беріп, 20 жыл ішінде 900 мың 19 мың оралман үшін мемлекет тарапынан 19 млрд теңге бөлінген еді. Алайда, қоныстану саясатының тепе-теңдігі сақталмаған. Келушілер мал өсіруге қолайлы болғаны үшін көбіне оңтүстік өңірлерге қоныс аударған. Мал шаруашылығымен айналыса алмағандар қазір жұмыссыз отыр.

Енді шенеуніктер бұл мәселенің шешімін тауып, оларды еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ұсыныс жасап отыр. Оларға материалдық тұрғыда көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етпек. Ал, бұл ұсынысқа келіскендер Батыс Қазақстан облысы, Қостанай,  Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысына коныс аударуы тиіс.

Квота 463 отбасына бөлінген. Соның ішінде: Павлодар облысына – 300 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына – 101 отбасы, Шығыс Қазақстан облысына – 40 отбасы, Қостанай облысына – 22 отбасының көшіп келуі көзделген. Осы аталған аймақтарға көшіп келушілерді жұмысқа орналастыру мәселесі де оңайластырады. Олардың көшіп келуі мен баспанасына субсидия бөлінеді.

Гүлмира Матхаликова

Талқылау