Еліміздің солтүстігіне көшкен оңтүстік тұрғындарына 80 мың теңге беріледі

Сәрсенбі, 9 Тамыз , 2017 9:38

Елімізде тағы жаппай көш басталғалы тұр. Ал Оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аударған отбасыларына 710 миллион теңге қаржылай көмек беріледі, деп хабарлайды КТК арнасы.

dalanews-koshu-840x420

Бұл тек 2017 жылы көшкен 288 түтіннің субсидиясы.

Оның 172-сі белгіленген төрт өңірде қоныс теуіп үлгеріпті. Олар Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары. Үкімет ішкі көшке қосылған әрбір жанның жол шығынына 80 мың, сондай-ақ үйлі болғанша жыл бойы баспана жалдауына ақша береді.

Сатып алатын үй тапсаң, бұл қаражатты үкімет бір реттік төлем етіп те бермек. Әрі оларға мемлекеттік бағдарламаларда басымдық беретін баспана сертификаттары табысталады. Және әрбір іске икемді азаматқа бизнес бастау жобасы арқылы жеңілдікпен 5 млн теңгеге дейін қарастырылған. Жалпы ел бойынша 2022 жылға дейін 60 мыңдай отбасын оңтүстіктен солтүстік пен шығысқа көшіру жоспарланған.

“Ауылда жер телімдерін алуға, ауыл шаруашылығымен айналысуға қазір заң бойынша конкурс арқылы беріледі. Сондықтан, егер де осы саясатты қолдап, біздің бағдарлама аясында көшіп жататын болса, ол жерді конкурссыз беру мәселесін қарастырып жатырмыз”, – дейді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Тағы да оқыңыз:

Жалғызбасты әке 9 баласымен аз ғана жәрдемақыға күн көріп отыр

Алматыда қайтыс болған студенттің жақындары қыздарының жетісін берді

Қарағанды облысында кішкентай қызды сабаған бейтаныс әйел видеоға түсіп қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар