Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің кей аймағында алдағы үш күнде 43ºС-қа дейін аптап ыстық болады

Еліміздің оңтүстігінде алдағы үш күнде 43ºС дейін аптап ыстық болады, -деп хабарлайды Қазгидромет метео қызметі.

20130620_09_18_10475

Сурет: total.kz 

Хабарламаға сәйкес, Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, бүгінгі таңда температураның деңгейі 30-38º ұстап тұр.

Олардың болжамынша, Оңтүстікте 40-43ºС жететін болады.

“Бұл аптап ыстық, Алдыңғы Азия аудандарынан келетін тропосфералық оңтүстік-батыс ағысының әсерінен болып тұр. Сонымен қатар батыстан ығысқан атмосфералық фронттар, республикамыздың батысы мен солтүстік шеткі аудандарының кей жерлерінде найзағайлы-өткінші жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, аптаптың бетін қайтаратын күйге әкеледі”, — делінген хабаламада.

Талқылау