Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің қай өңірінде сәләфиттер көп тұрады

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қай өңірде теріс діни ағымның жетегінде жүрген азаматтардың көп екенін айтты.

1013901793

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Адасып жүрген, деструктивті діни ағымдарды ұстанып жүрген азаматтардың көпшілігі батыс өңірлерде, атап айтқанда Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында, одан кейін Алматы қаласында және Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады”, — деді Ермекбаев тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Министр атап өткендей, жат ағымда жүрген адамдарды тура жолға салу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 2500 адам дәстүрлі діни сенімге қайтарылған.

Оқи отырыңыз:

Елімізде туыстары рұқсат бермесе де, марқұмның ағзалары донорлыққа пайдаланылады

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Елімізде діни-жоралғылар бір тәртіппен өткізілетін болды

Алматыда суға жарымаған жұрт әкімнің орнынан кетуін талап етті

Талқылау