Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің қай аймағының латынға көшуді қолдамайтыны белгілі болды

Ақтөбе қалалық тілдерді дамыту басқармасы арнайы штабы таратқан мәлімет бойынша еліміздің қай өңірлерінің латын әліпбиіне көшуді қолдамайтындары анықталды.

Бұл туралы aktobetimes.kz жазады.

Шенеуніктердің айтуынша зерттеуді тәуелсіз сарапшылар жүргізген. Оның қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы 87, ал Ақтөбе облысы 67 пайыздық деңгейде латын әліпбиіне көшуді қолдайды.

“Болашақ латын әліпбиінде екенін бәрі түсінеді. Егер біз мұны қазір қабылдамайтын болсақ, онда 10 жылдан соң біздің балалар бұл мәселені қайта көтереді. Уақытты өткізбей, адамзат дамуының соңында қалмай, біз мұны қазір қолға алу керекпіз”, – дейді басқарма жанындағы тілдерді оқыту орталығының директоры Клара Серғазина.

Орталықтың мәліметі бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы латыншаға көшуді 6 пайыз қолдаса, ал Ақмола 21 пайыз, бұл ретте Қарағанды облысы 2-ақ пайызды көрсеткен.

Қазіргі таңда латын әліпбиі нұсқасын парламент қарастырып жатыр. Әліпбидің ресми нұсқасы 2018 жылдың басында қолданысқа енгізілуі мүмкін. Толыққанды 2025 жылға дейін енгізілмек.

Оқи отырыңыз:

Мәңгүрт әншілер мен әндер: Танымал журналист “Шудың бойында” әнін сынап тастады

Балабақша күзетшісі 4 жасар балаларды тірідей өртеп жіберді

Психоаналитик: Бір кездері Сталин мен Гитлер де Димаш сияқты танылған еді

Ішіне жын кірген: Тойда “жын ұрғандай” билеген әйелдің ерсі әрекеті елді шошытты (видео)

Талқылау