Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

Еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

19 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ жауады. Солтүстік шығыстан 17-22 м/c жел соғады деп күтілуде. Күндіз кей жерлерде желің екпіні 23-28 м/c жетеді.

Өскеменде 19 маусымда күндізгі уақытта жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік шығыстан 17-22 м/c жел соғады.

Қостанай облысының тұрғындары үшін дауылды ескерту 18 маусымда сағат 21:-00-ден 19 маусым күніндегі сағат 21:00 аралығына жарияланды. Өңірде кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік батыстан 15-20 м/c жел соғады деп болжануда.

Дауылдың ықтималдығы – 90-95 пайыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау