Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды.

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

18 шілденің түнінде Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстан 18 м/с жел соғады. Кей жерлерде күн күркірейді.

Ақтөбеде жаңбыр жауып, күн күркіреу ықтимал.

Жамбыл облысында 18-20 шілдеде күндізгі уақытта күн 38 градусқа дейін ысиды.

Ал Қызылорда облысында 18 шілдеде күндіз күн 42 градусқа дейін ысиды. Таңертең және күндізгі уақытта кей жерлерде солтүстік-шығыстан,шығыстан 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Қостанай облысында 18 шілдеде кей жерлерде күн күркіреп, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Кей жерлерде ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау