Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады. Мамандар Астана мен Ақмола облысында ескерту жарияланғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 5 қараша күні елорда мен Ақмола облысында жел соғып, көктайғақ болады. Жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа жететін жел соғады.

Елдің өзге өңірінде жауын жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болмақ. Жер көктайғақтанып, дала тұманданады. Жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 метрге жететін жел соғады.

Солтүсітк Қазақстанда да осындай ауа райы сақталады. Түнгі уақытта жылдамдығы 23-28 м/с жететін жел соғады.

ШҚО-да дала көктайғақ әрі тұманды болады. Жел соғады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында осындай ауа райы сақталады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау