Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің Батыс өңірлерінде қақаған қыста қарға шомылу сәнге айналды

Еліміздің Батыс өңірлерінде әлеуметтік желі арқылы аязда қарға шомылып, қақаған қыста теңізге түсуден жарысып жатыр.

morzhi-01

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Мұндай бастаманы ақтөбелік Есет Сағымов бастаған. Аязды күні қарға шомылған жігіт, атыраулықтарға “бұлай жасамаңдар” деп кеңес берген. Алайда отандастары бұл сөзді дұрыс түсінбесе керек, керісінше бірінен соң бірі суға түсіп, флешмоб жасап кеткен.

Есет Сағымовтың «Атыраулықтар, сендерге биыл қалың қар түсіпті. Оны тек жемеңдер, мен сияқты шомылмаңдар. Ауырып қаласыңдар! Әлі әлсізсіндер!» дегені атыраулықтардың намысына тиіп, бірнеше адам қарға шомылу арқылы жауап қайтарған. Бір жігіт тіпті қалың қарға сүңгіп те өнерін көрсетіпті.  Ал бұл ақсақал баласы, немересі үшеуі қарға шомылу денсаулыққа пайдалы дейді. Ұзақ жасап, шынығуға болатынын дәлелдеп, кішкентай немересін қарға бір аунатып алды.

Ал ақтаулық бойжеткендер тіпті мұз қатқан Каспийге шомылып, барлық ел азаматтарын таң қалдырды.

Талқылау