Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бас криминалисіне сот үкім кесті

Ішкі Істер министрлігінің тағы бір лауазымды қызметкері түрмеден бір-ақ шықты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

????????????????????????????????????

Фото: inform.kz

Астана соты бүгін Криминалистика департаментінің бастығы Қайрат Аманқұловты 6 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін түгел тәркіледі.

1 жыл үйқамақта отырған еліміздің бас криминалисіне үкім оқылып болған бойда, қолына кісен салынған. Енді ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп, 7 жылға дейін мемлекеттік қызметке жоламауы тиіс.

56 жастағы құрығы ұзын полковник осы лабораторияға криминалистикалық техникаларды сатып алу кезінде, тендерді бөліске салған. Яғни, құрылғылардың бағасын құжатқа еселеп жазып, бюджеттің 136 миллионын жымқырған. 6 жыл жазаға келіспеген Аманқұловтың адвокаттары апелляция жазып жатыр.

Оқи отырыңыздар:

Мал сатып қаза тапқан азаматтың баласы қылмыскерлерді ату жазасына кесуді сұрады.

Ақтауда көзіме шөп салды деп күмәнданған ер адам әйелін пышақтап тастаған

Алматы облысында үш ағайынды сиыр сатамын деп ажал құшқан базарда ұрлық өршіп тұр

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

Талқылау