Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің барлық облысында коммуналдық ақы жаппай қымбаттамақ

Еліміздің әр аймағында коммуналдық ақы әртүрлі болып шықты. Бұл жағдай премьер-министрдің өзін таңқалдырды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

1449552944_ceny0

Мәселен,Тараз тұрғындары кәріз жүйесі үшін 8 теңгеден төлесе, қарағандылықтар бұған он есе шығынданып яғни 96 теңгесін санап береді. Жер мен көктей айырмашылық енді теңестірілуі тиіс. Бұл өз кезегінде барлық облыста коммуналдық ақының жаппай қымбаттауына әкелуі мүмкін.

Оның үстіне, халықтың жылу, жарық, су тарататын мекемелердің алдындағы берешегі 5 миллиард теңгеге жеткен. Қордаланған қарызды қайтару үшін бірінші басшылардың өзі жұрттың есігін қағып, үй аралауға мәжбүр. Мысалы, Семей әкімі бар маңызды шаруасын ысырып қойып борышкерлерден коммуналдық ақыны төлеуін жалына сұрап жүр. Бірақ бүгін Үкімет басшысы соңына журналистерді ертіп алып түкке тұрғысыз ісін жарнамалауға құмар осындай шенеуніктердің өздерін ұялтты.

“Бұл дұрыс емес. Ертең есік алдын жинап жүретін шығарсыңдар. Біз осы ісімізбен әкімдіктің, биліктің беделіне нұқсан келтіріп жатырмыз. Қарызды төлетудің басқа жолын табу қажет”, – деді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне қатысты сот отырысына келді (видео)

Мәжіліс депутаты: Пәтерді жалға беруші онда тұратын адамды тіркеуге міндетті

Қатерлі дерттен айықтырады деп жұрт таласып алатын қоңыздар жайлы дәрігерлер не дейді

Астана зообағындағы маймыл бүлдіршіннің саусағын тістеп алды

Талқылау