Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 136 мың түлек мектеппен қоштасты

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылады. Биыл Қазақстан бойынша 136 мың түлек мектеп бітіреді. Соның ішінде 6 мың 300-ге жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер.

Қазақстанда 136 мың түлек мектеппен қоштасты

Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.

Соңғы қоңырауды тағатсыздана күткен балалардың көңілі толқып тұрғаны айтпаса да түсінікті. Мерекелік көңіл-күй орнаған шарада ізгі тілектер мен алғыс сөздер айтылды. Биыл Астанада 4978 түлек оқуын аяқтайды. Олардың 213-і «Алтын белгіден» үміткер. Ал Әлкей Марғұлан атындағы мектепте алтын белгіге 3 оқушы үміткер. Солардың бірі – Камила Еманғалиева.

“Жалпы мен бұл күнді өте ұзақ күттім. Мектеп қабырғасындағы бұл біздің соңғы жылымыз болғандықтан үлкен толқыныс үстіндеміз. Тіпті қазіргі ішкі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Түні бойы ұйықтай алмай, қобалжыдым. Тұрған кездегі алғашқы ой кешігіп қалмау болды. Расымен де бұл өйткені біздің өміріміздегі ең маңызды күн. Бізді алдымызда әлі де талай сынақтар күтіп тұр. Бағындыратын шыңдар жетерлік. ҰБТ мәселесі ол бір бөлек. Расымен де қазір менің бойымды керемет сезімдер билеп жатыр”, – дейді мектеп бітіруші түлек Камила Еманғалиева.

Қазақстанда 95 340 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге тілек білдірген. Жаңа үлгідегі білім сынағы 20 маусымда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады.

Ал аттестаттарды тапсыру рәсімі мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 10-12 маусым аралығында өтуі керек. Өйткені министрлік оқуды аяқтау шараларын 15 маусымға дейін мектеп қабырғасында өткізуді ұсынған болатын.

 

Талқылау