Қазақстандық азамат өз ақшасына балабақшаларға камера орнатпақ
Еліміздегі балабақшаларда бейнебақылау камераларын орнату туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Бағдат Мусин пікір білдірді.
Бұл ол туралы Фейсбуктегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, балабақшалардағы балаларға жасалып жатқан мейірімсіз әрекеттерден кейін, барлық мектепке дейінгі мекемелерде заңды түрде бақылау камералары орнатылуы керек.
“Маған осыдан 5 жыл бұрын бір адам келіп ұсынысын айтты. Ол өз қаражатына балабақшаға бейнебақылау камераларын орнатпақ екен. Осылайша камералардың абоненттік төлеміне ата-аналарға балабақшада не болып жатқанын көруге мүмкіндік бермек”, – деп жазады бас прокуратура өкілі.
Мусиннің айтуынша, жеке меншік балабақшалар бейнебақылау орнатқысы келмейді.
“ҚР Білім және ғылым министрілігі және әкімдіктер бұл мәселені шешеді деп үміттенемін. Бұл ретте көптеген кәсіпкерлер ата-аналарға көмектесуге дайын”, – деді ол.
Бұған дейін балабақша тәрбиешісінің балаларды аямай ұрып “шапалақпен” тәрбиелеген видеосы пайда болғанын жариялаған едік.
Науқас қыздың анасы қайырымды жандардың 10 млн теңгесін басқа мақсатта пайдаланған
17 жыл бала сүюді армандаған әйел бірден 6 баланы өмірге әкелді (фото)
Депутаттар жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларды жабу туралы ұсыныс айтты