Еліміздің ауқатты азаматтары қаржысын Ресейдің компанияларына құйып жатыр

Дүйсенбі, 4 Шілде , 2016 22:18

Қазақстан қор биржасы келтірген мәліметке сенсек, қалталы қандастарымызды көбіне – «Ростелеком», «Газпром», «Аэрофлот» сынды алыптардың акциялары қатты қызықтырады екен, – деп хабарлайды ктк арнасы.

caaa97f2-0ec7-4d2b-95db-00ee2470c24d
Нәтижесінде, Қазақстан қор биржасындағы сауда көлемі 49 триллион теңгеге дейін жетіпті. Бұрын-соңды болмаған мұндай ақша айналымын қаржыгерлер құнды қағаздарға деген қызығушылықпен түсіндіріп отыр. Биржадағылар бүгін ұлттық валютамыздың қазіргі халін де сөз етті. Бірде көтеріліп, бірде түскен теңге бұл күндері біраз тұрақтады дейді мамандар. Қазіргі сату бағасы -1 доллар 338 теңге. Дегенмен, соңғы кезде қырғыз сомы күшейіпті. Ақша айырбастау орындарында 1 сом 5 теңгеге дейін қымбаттап, әне-міне ресей рубльімен теңесуге шақ тұр. Бірақ мұны қаржыгерлер қалыпты деп қабылдап, тіпті, төл теңгемізді бір мысқылдап та алды.

«Қалай дегенмен де теңге соңғы екі айдың ішінде айтарлықтай тұрақтаған. Мұны мұнай бағасының көтерілуімен түсіндіреміз. Бірақ, әрі қарай да осылай болады болжап айту қиын. Өйткені, теңгенің бағамы сыртқы экономикалық факторларға тікелей байланысты», – дейді «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары Андрей Цалюк.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Ерлан says:

    Елімізге деген сенимнин жоктыгынан барып жаткан шыгар

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар