Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің әуежайларындағы қатаң бақылау жойылады

Еліміздің әуежайларындағы жолаушыларға жүргізілетін тексеріс ережелері жеңілдетілмек. Енді терминалға кіре берісте аяқ киімді шешіп, заттарды шығару қажет емес. Бұл қадам адамдардың ұзақ уақытқа созылатын кезек мәселесін шешу үшін жасалып отыр. 1361177875_14

Бұл туралы ktk.kz хабарлайды

Жыл басындағы бұл жаңалық жолаушылар үшін жағымды болып отыр. Соңғы екі ай көлемінде келушілер мен әуежай қызметкерлері міндетті түрде мұқият тексерістен өтуге тиіс болатын. Мұндай күшейтілген шара қараша айында Парижде орын алған терактіден және ресейлік ұшақ бортына қойылған бомбаның жарылып кетуінен кейін қолға алынған еді. Ендігі бақылау шаралары шттатық режимде жалғастырылып, жолаушыларды паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ғана тексермек.

“Көптеген қауіпті жағдайлар тұрақтанғаннан кейін, Астана қаласында өкілетті органдардың қатысуымен жиын өтіп, ол жерде әуежайлардағы қатаңдатылған қауіпсіздік шараларының алынып тасталатыны айтылды. Қандай да бір қатерлі оқиға орын ала қалса, аталған шаралар қайтадан күшіне мінеді», – дейді «Халықаралық Алматы әуежайының» экономика және даму жөніндегі вице-президенті Серік Мұқтыбаев.

Талқылау