Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің алты облысында жолдар жабылды

Қазақстанның алты облысында боранға байланысты автокөліктің барлық түрі үшін барлық бағытта жолдар жабылды.

“Қазақавтожол” РМК мәліметіне сәйкес, Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан көліктің барлық түрі үшін барлық бағытта қозғалыс тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысында Павлодар облысының шекарасы-Бесқарағай ауылы, республикалық маңыздағы “Омбы-Майқапшағай” (667-587 км) тас жолында қозғалыс жабылды.

Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша жол қозғалысы тоқтады.

Павлодар облысында барлық автокөлік түрі үшін барлық бағытта жол жабық.

Қостанай облысында облыстық маңыздағы “Арқалық-Торғай” (0-287 км), “Әулиекөл-Жолдама” (0-257 км) автожолдарының учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Солтүстік Қазақстан облысында “Астана-Петропавл” (0-341 км) А-1 автожолы учаскесінде, Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Көкшетау бағытына шығатын жолаушылар көліктері үшін қозғалыс шектелді. Сондай-ақ, Айыртау, Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Тайынша, Уәлиханов аудандарында автокөліктің барлық түрі үшін  облыстық маңыздағы тас жолдарда қозғалыс тоқтатылды.

Тағы да оқыңыз:

Имам: Ақтөбеде мектеп алдында намаз оқыған әйелдердің әрекеті – нағыз әртістік

WhatsApp-та өзгенің хатын оқудың әдісі табылды

Алматы облысында өгей әке үш жасар қызын тістелеп, мұрнын жұлып алды

Талқылау