Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің 5 облысы топан судың астында қалуы мүмкін

Еліміздің бес бірдей өңірі бұрын-соңды болмаған топан судың астында қалуы мүмкін. Көктемгі алапат тасқын Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына қауіп төндіріп тұр. Өйткені, бұл аймақтарға былтырғыға қарағанда қар екі еседей артық түскен,- деп хабарлайды ктк арнасы.

8odKsZtyKS0X2akSneea9tX7PSgw1q

 
Ал, синоптиктердің болжамы көңіл көншітерліктей емес. Олардың мәліметінше, тасқын екі аптадан кейін басталмақ. Десек те, былтырғы апаттан аузы күйіп, сабақ алған шенеуніктер бұл жолғы тасқынға дайынбыз деп сендіруде. Яғни, елді -мекендерді қызыл су басса 10 мыңға жуық құтқарушы көмекке келуге әзір тұр. Мыңнан астам арнайы техника, екі жүзден астам қайық және 20-ға жуық тікұшақ құтқару операциясына жұмылдырылмақ. Бұдан бөлек, өзендерге бөгет салынып, топан суды жинайтын арналар қазылған.

Айта кетейік, былтыр күн күрт жылынып еліміздің бірнеше аймағын топан су басқан еді. Ол кезде жүздеген үй қирап, мыңдаған адам баспанасынан айырылған болатын.

Талқылау