Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің 3 облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің Шығыс, Батыс және Солтүстік облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

Еліміздің 3 облысында дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

22 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде күн күркіреп, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болатын жел соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл соғады.

22 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді. Ал 23 тамызда облыстың кей жерлерінде күн күркіреп, солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді.

22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Кей жерлерде дауыл тұрады. Сонымен қатар кей жерлерде күн күркіреп, тұман тұтып, дауыл тұрады. Күндіз кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау