Елімізден алтынды тонналап шетелге тасып жатқандардың ешбірі жазаға тартылмаған

Елімізден алтынды заңсыз тонналап шетелге тасып жатқандарға құрық бойламай тұр. Соңғы бес жылда жиырма мың адам ұсталса соның бір де бірі қылмыстық жазаға тартылмапты. Мамандар мемлекетке миллиардтап шығын келтіріп жатқандарға қатысты заңды қатаңдату керек деп отыр. Айтуларынша, бір ғана қылмыстық топ былтыр 2,5 мың тонна қазба байлықты шекара асырған. Ондағы таза алтынның мөлшері 500 келіден асады екен. Қазынаға тиген залал 5,5 миллиард деп бағаланып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен қазба байлықтар. Қазақстандағы кен орындарда бағалы металды ұрлап, шекара асыру мәселесі бүгінде ушығып тұр. Қылмыстықтық топтардың семіргені соншалық пагон таққандарды пысқырмайтын жағдайға жеткен. Бар кінәрат заңның осалдығында.

“Біз оларды ұстаймыз. Полиция бөлімшесіне жеткіземіз. Ал ол жерде 15 минут сұрау алынып, түсініктеме жазғызып үйлеріне жібере салады. 1998 жылы Қылмыстық кодекстан бағалы металдардың заңсыз айналымы деген тармақты алып тастаған. Соны қайтармайынша жағдай түзелмейді”, – дейді “Қазақалтын” ТМК” АҚ ішкі қауіпсіздік қызметінің директоры Дмитрий Черкасов.

Баукеспелер кенді тонналап, вагонмен тасыйтын жағдайға жеткен. Жыл басында сондай қылмыстық топтың серкелері ұсталды. Олар құрамында алтыны бар кенді қытайға жіберіп отырған.

“Біз тек екі вагонын ұстап қалдық. Қазақ-қытай шекарасындағы Алтынкөл станциясында. 47 вагонды өткізіп жіберген. Құрамында алтыны бар кеннің жалпы салмағы 2,5 тонна”, – дейді “ҚТЖ”ҰК” АҚ Алматы бөлімшесі ЖТ филиалы директорының орынбасары Айбас Жұмағалиев.

Кәсіпкерлер бұл бассыздықтың алдын алу үшін тиісті органдардың табылдырығын тоздырамыз деп отыр. Заң қатайса, жұмыс та бір жүйеге түседі. Бұл Ақмола облысындағы кен орындарында жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізбек.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде тірідей жанып кеткен өзбек азаматтарының отбасына көмек көрсетілетін болды

Ауғанстанда терактіден көз жұмған қазақстандық азамат бизнеспен айналысқан

Алматыда 9-сынып оқушысы босанып алды

Мансабың үшін көнесің: Қазақстандық қыз-келіншектер басшылардың интимді қатынасқа қалай тартатынын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар