Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі сайлау нәтижесі белгілі болды

«Демократия институты» жүргізген жалпыхалықтық Exit-poll-дың қорытындысы бойынша, «Нұр Отан» партиясы 82% дауыс жинады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында институт директоры Юлия Кучинская мəлім етті.

http--gp.by-upload-medialibrary-2b6-2b669f3d58ecdcd80c2ba2d8e0868072

«Демократия институты бүгін өткен сайлау аясында жалпыхалықтық сауалнама (Exit-poll) жүргізді. Институттың зерттеуі еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларында жүргізілді. Exit-poll таңғы 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін 750 сайлау учаскесінде жүргізілді.
Сауалнамаға 75 мың адам қатысты. Сонымен, Exit-poll-дың қорытындысы бойынша сайлауға түскен партиялар мынандай нəтиже көрсетті:
«Нұр Отан» партиясы – 82% дауыс, «Қазақстанның коммунистік халық партиясы» – 7,17%, «Ақ жол» партиясы – 7,22%, «Бірлік»” партиясы – 0,35% дауыс, Жалпыұлттық əлеуметтік-демократиялық партия – 1,21% ,  «Ауыл» партиясы 2,05% дауыс жинаған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтті. Қазақстан мен шет елдерді қоса алғанда, халық барлығы 9840 сайлау учаскесінде таңғы сағат 07.00-ден кешкі 20.00-га дейін дауыс берді.

Талқылау