Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі пойыздар қаншалықты қауіпсіз?

Тек бір Алматының өзінде соңғы 5 айда 19 жүрдек пойыз әртүрлі себеппен апатқа ұшыраған. Олардың кейбірінің тежегіші істен шығып, кейбірінің электр тоғында ақау болған. Ал Жамбыл облысындағы пойыз апатынан кейін, халық пойызға отыруға қорқып қалғандай.

Еліміздегі пойыздар қаншалықты қауіпсіз?

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мамандардың сөзінше, бір күнде 800 жолаушыны тасымалдайтын пойыздар айына екі рет тексерістен өтеді екен. Сондықтан дүрлігуге себеп жоқ, дейді олар.

«Айына екі рет арнайы техника темір жолдан өтіп, тексеріп отырады. Тек адам ғана қарамайды, техника өлшейді. Өтіп шыққаннан кейін сараптама жасалып, темір жолдың қаншалықты қауіпсіз екенін анықтайды. Егер де рельстің өзінде қандай да бір ақаулар болса ауыстырылып отырады. Ол жылына, айына қарамайды», – дейді «Алматы жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры Сарсебек Жапаров.

Бір ғана Алматы-1 темір жолы вокзалында қауіпсіздікті қадағалап отыратын 40 астам қызметкер жұмыс істейді екен.

«Әр күнде әрқалай. Кейде күніне сегіз вагон жөндейміз. Мысалы қазір біз кешке жүретін Шымкент-Алматы пойызының ақауларын жөндеп жатырмыз. Кешке дейін жасап, ауыстыратынын ауыстырып, тексеретін мамандар тексеріп қарайды. Олармен де бірге жүріп қараймыз. Сонымен бәрі дайын дегенде жібереміз», – дейді жұмысшы Қабдол Әпен.

Әйтсе де, қанша жерден тексерсе де, түрлі жайттардың орын алатыны сөзсіз. Мысалы соңғы 5 ай ішінде Алматының өзінде 19 жүрдек пойыз апатқа ұшыраған. Оның екі жағдайында пойыз рельстен шығып кетіп, опат болған екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау