Еліміздегі министрлер қанша жалақы алады?

800 мың теңге не, одан екі есе де алып көргенбіз. Министрдің алатын жалақысына қатысты берген жауабы бұл. Үкімет басындағылардың айлығы қанша деген сұраққа жауап берді. Бірі бүкпей жауап қатса, енді бірі оны құпияға балады. Мінберге мінсе де, айлығын әлі көрмеген министр де бар.

Еліміздегі министрлер қанша жалақы алады?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

967 мың теңгеден табыс салығы мен зейнетақы қорына аударылатын ақыны алып тастағанда 786 642 теңге. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың қолға алатын айлығы осы. Оны аз да, көп те көрмейтінін мәлімдеді.

Ал мұғалімдердің жалақысын көтерем деп жүрген бас ұстаз Ерлан Сағадиев ай сайын алатын сомасын нақты айтпаса да, Қошановпен шамалас екенін білдірді.

«Сол сияқты ғой», – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жалақысының барлық министрдікімен бірдей екенін айтты.

Ел экономикасын есептейтін экономика министрі өз қалтасына ай сайын қанша түсетінін айтуға келгенде тосылды. Құпия ақпаратты жазбаша түрде беруге уәде берді әйтеуір.

«Ол құпия ақпарат қой. Кейін жазбаша беремін», – дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимул Сүлейменов.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев 700 мың теңгедей алады екен. Балалары өз жолын тапқан соң, тәубә керек-жарағыма жетеді деп отыр.

«Құдайға шүкір, екі қызым өздері оқуларын бітіріп, өмірлерін сүріп жатыр. Жұмысқа орналасып, айлықтарын алып жатыр. Бізге мысалы, менің шағын отбасыма жетіп жатыр», – дейді ҚР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев.

Ақша қашан көп болып еді. Айына 683 мың теңге алатын қаржы министрі орынбасарының сөзі бұл.

«Бұл сұраққа жауап беру қиын. Ақша аздық етпейді. Сондықтан жалақыға көңілім толады-толмайды деп жауап беруге болмас. Егер отбасында барлығы жұмыс істесе, алаңсыз өмір сүруге болады. Кәмелеттік жасқа толмаған 3 балам бар. Үйге кіріс әкелетін өзім ғана», – дейді ҚР қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов.

Берік Шолпанқұловтың жуырда тағайындалған басшысы айылығының қызығын әлі көрмепті. Қызметіне кіріскеніне бір ай да толмаған соң, қанша алатынын тек болжап отыр.

«Маған белгілісі, қолға шамамен 950-960 мың теңге аламын. Алуым керек. Бірақ әлі алмадым», – дейді ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов бұрынғы қызметімде де сол ақыны алатынмын десе, қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтің қалтасы бұдан да зор айлық көрген екен.

«Салықты есептегенде, шамамен 800 мың теңге. 700 мыңнан асады. «Самұрық-Қазынада» жұмыс істегенде екі есе көп алатынмын», – дейді Дархан Қалетаев.

Келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге өсіп, 42 мың теңгеге жетуі тиіс. Бірақ ол өсім саяси қызметтегілердің айлығына еш әсер етпейді екен. Айта кетейін, елдегі орташа жалақы 158 мың теңгенің үстіне шыққан. Бұл ұлттық экономика министрінің ресми дерегі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар