Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі қазақ-түрік лицейлерінің атауы ауысатын болды

Халықаралық қоғамдық қордың оқытушылар және ғылыми-методикалық кеңесі қазақ-түрік лицейлерін басқаша атау туралы шешім қабылдаған.

photo_191322

Бұл туралы KATEV сайтында жарияланды.

“Оқушылар, ата-аналар және ҚТЛ директоры лицейдің атауын ауыстыру туралы шешімді қолдады. Енді ол бұдан былай “Білім-инновация лицейі” деп аталады”, – делінген хабарламада.

Түркияда болған төңкерістен соң ел билігі Қазақстанға қарата аталмыш лицейлерді жабу туралы өтініш білдірген. Мұны түрік басшылары өз кезегінде Фетхулла Гүленмен байланыстырған. Ресми Анкара Гүленнің тапсырмасымен төңкеріс жасалды деп жариялаған еді.

KATEV қоры 2016 жылдың 29 шілдесінде Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлері жабылмайтындығын мәлімдеді. Біздің ел олардың тарапынан болған саяси жағдайларға қарамастан, бауырлас елмен ынтымақтастығын жалғастыра береді.

Талқылау