Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі қаржы дағдарысы Алматылық аристократтарға әсер етпейді

Еліміздегі қаржы дағдарысы Алматылық аристократтарға әсер етпейді. Кедей тапқанын жеп жүрген бұл қысылтаяң заманда тағамды таңдап жейтін қалталылар бір килограмм қызанақтарды 10 мың теңгеге алуға қымбатсынбайды. Бір отбасыға 4 ай азық болатын 2 қап ұнның ақшасын 5-6 тал қызанақ алу үшін жұмсайтын отбасылар бар.

қызанақ

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Төбесі көкпен таласқан Алматыдағы “Есентай молл” сауда үйінде орналасқан “Есентай Гурмэ” гастрономы еліміздегі ең қымбат дүкендердің бірі десек те болады. Франция, Испания, Голландия елдерінен әкелінген азық-түлік түрлерінен көз сүрінеді. Премиум санатындағы бұл дүкендегі 1 килограмм қызанақтың құны 10 мың теңге тұрады екен. Франциядан әкелінген сырдың бір тілігі 24 мың теңге болса, Ресейден әкелінген уылдырық 138 мың теңгеге бірақ шыққан.

«Біздің гастроном үшінші әлем сияқты. Бұл жерде қонақтарымыз өздерін үйлерінде жүргендей сезіне алады. Біз азық-түлік өнімдерін шетелден арнайы ұшақпен алдыртамыз. Сондықтан кез келген гурман бұл жерден өз керегін таба алады»,-дейді «Esentai Gourmet» гастрономының маркетологы Даяна Ким.
Қарапайым халықтың бұл жерден тамақ алмақ түгілі қасына да жоламайтыны белгілі. Соған қарамастан бағасы аспандап тұрған азық-түлік сөреде көп жатып қалмайды -дейді сатушылар. Ай сайын аталмыш гастрономға 25 мыңнан астам адам келіп, себетін азық-түлікке лықа толтырып кетеді екен.

Ал отандық дихандар болса, төл өнімдеріміз өзге елдің тауарларынан кем түспейді -деп отыр. Жылыжайда өсірілген қызанақтарын мақтанышпен көрмеге шығарған Алексей Сухорослов сұрыпталған өнім табиғи таза екендігін айтады. Тіпті қазақстандық өнімнің сапасын голландиялық агрономдардың өзі келіп, растап кеткен екен.

«Сапасына қатысты айтар болсам, голландық агрономның өзі біздің өнімімізді мойындап, Қазақстандағы ең үздік қызанақ деп отыр. Себебі, бұл өнім әлемдік стандарттарға сай, бағасы да қол жетімді. Көтерме саудадағы құны -360, ал бөлшек саудадағы бағасы килограмына -535 теңге»,- дейді Шаруа қожалығының қаржы директоры Алексей Сухорослов.
Осылайша, отандық қызанақтардың құны импортпен салыстырғанда 20 есе арзан тұрады екен. Бұлай болса 6 тал қызанақ үшін асыра ақша төлеу ысырап емей немене?

Талқылау