Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі ең жас әкімдердің бірі Павел Кулагин шаңырақ көтерді

Алматы қаласы Түркісіб ауданының әкімі Павел Кулагин шаңырақ көтерді. 32 жастағы азаматтың үйлену тойы Астана қаласындағы мейманханалардың бірінде дүркіреп өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздегі ең жас әкімдердің бірі Павел Кулагин шаңырақ көтерді

Желіде той кезінде түсірілген суреттер тарап кетті. Белгілі болғандай, Павел Кулагиннің таңдауы Диана есімді аруға түскен.

Жастардың үйлену тойы Астана қаласындағы қымбат мейманханалардың бірінде өтті.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Данияр Мирасов (@danikmirassov1)

Павел Кулагин еліміздегі ең жас әкімдердің бірі болып табылады. Ол 2008 жылы Қостанай облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы болып, мемлекеттік қызметтегі жұмысын бастаған. Әр түрлі жылдары  Астана әкімінің аппаратында инспектор, кеңесші, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Павел Кулагин 26 жасында Астанадағы Алматы ауданын басқарды. Артынша ол «А» корпусына іріктеуден өтпегендіктен, қызметінен босатылды.

2016 жылы Кулагин ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметіне келген.

Былтырғы жылдың тамыз айында ол Алматы қаласының Түркісіб ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Айта кетсек, Павел Кулагиннің әкесі Сергей Кулагин Қостанай және Ақмола облыстарының әкімі; ҚР ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау