Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кенеттен шайдың бағасы көтеріліп кетті

Қазақстанда 4 ай ішінде инфляция 4 пайызға жетті. Республиканың статистика комитетінің мәліметінше, жыл қорытындысы бойынша ол 8 пайыздан аспауы тиіс. Яғни, оның жартысы орындалып қойған, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

чай

Сурет: kr-gazeta.ru 

Ресми мәліметтерге сәйкес, қара шай бағасы 15 пайызға өсті. Одан кейін жарма 14 пайызға, қант 11 пайызға көтерілген. Нанның бағасы 8 пайыздан жоғарылап, жемістер мен сұйық май, кондитерлік өнімдер қымбаттаған.

Тамақ өнімінен бөлек дәрі-дәрмектердің бағасы көтеріліп, 12 пайызға қымбаттаған. Ұшу билеттері де 8 пайызға көтерілген.

Талқылау