Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі 120 жастағы әжей немене сүйіп отыр

Ең қарт әжей төлебилік Фатима Хайранова 1 қаңтар күні 120 жасқа толды. Қарт ана Көксәйек совхозында көп жылдар бойы жұмысшы болып еңбек етіп, сол жерден зейнеткерлікке шыққан.

фатима3

Бүгінде 15 немере, 33 шөбере, 30 шөпшек және 3 немене сүйіп отырған кейуананың ойы анық, денсаулығы бір қалыпты. Осындай ұзақ ғұмыр кешіп отырған қарияларымыздың бірі 119 жастағы қарт кісі көршілес Тараз қаласында тұрады. Ал басқа аймақтардағы ұзақ өмір сүруші қариялардың ең үлкені 114-те екен. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында жасы 100-ден асқан 84 қарт кісі өмір сүреді.

фатима.jpg2

2011-2015 жылдар аралығында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүйелі жүзеге асырылуының нәтижесінде, облыста өмір сүру ұзақтығы соңғы бес жылдықта 69,5-тен 71,79-ға дейін өсті.

фатима

 

 

 

Талқылау