Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жылдам пісетін кеспе шығарыла бастады (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында «Қазан кеспе» зауыты ашылды, деп хабарлайды BNews.kz

кеспе

«Қазақстанда отандық кеспе даярлайтын өндіріс орындары аса көп емес, ел нарығын Қытай және Ресей өнімдері «жаулап» алған. Біздің өнімнің басты айырмашылығы мен артықшылығы – «халал» сапасы. Мақсатымыз – алғашқы жылы нарық сегментінің 20%-ына қол жеткізу», – дейді «Lotus Food Company» ЖШС директоры Әллиақпар Ибадуллаев.

кеспе1

ның айтуынша, «Қазан кеспенің» құны – 220 теңге, алайда сапа жағынан құны жоғары өнімдерден кем түспейді.

Өндіріске 471 миллион теңге көлемінде инвестиция құйылған. Ал зауыт күніне 120 мың данаға дейін өнім шығарады.

Кеспені пісіруге халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін қазақстандық ұн қолданылады. Бұл ˗ ешқандай химиялық қоспасы жоқ 100% табиғи өнім.

кеспе2

Өндірушілердің айтуынша, кеспені дайындау технологиясы қарапайым, алайда өнімнің сапасына тікелей ықпал ететін кезеңдер бар. Мәселен, жоғары сапалы қамыр дайындау үшін азық-түлік мөлшерін дұрыс таңдай білу керек. Содан соң буда ұстау технологиясы қолданылады: ол үшін алдымен қамыр (100 градустық) бумен өңделеді, кептіріліп, майға қуырылады, одан кейін тағы кептіріліп, тостағанмен қапталады.

кеспе3

Зауытта жаңа 50 жұмыс орны ашылды.

«Қазан кеспе» 1 шілдеден бастап еліміздің барлық дүкен сөрелеріне қойылады. Көрші Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің нарығына шығу, сондай-ақ, пакеттелген кеспе өндірісін іске қосу жоспарда бар.

 

 

 

 

 

Талқылау