Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жомарт жандар қақаған аязда адамдардың көлігімен тегін тасып жүр

Мереке қарсаңында жұрт жаппай жақсылық жасауға ұмтылуда. Астананың өзінде қақаған аязға қарамай жомарт жандар қарияларды, қыз-келіншектерді көліктерімен тегін үйлеріне жеткізуде. Сондай-ақ, дін қызметкерлері қала көшелерін аралап, қоғамдық жұмысшыларға ыстық-тамақ, шай таратып жүр.

Тіпті жетім-жесір, мүмкіндігі шектеулі жандарға еріктілер түрлі акциялар ұйымдастырып, балалақайлардың армандары орындап жатыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мереке шында да халықтың жүрегін жібіткендей. Мәселен, соңғы апта бойы Елордада ауа температурасы күндіз -35 градусқа дейін төмендеп, түнде – 40 тан асты. Салдарынан көшеде көліктер оталмай, автобустар жүрмей қалды. Далада бүрсең қаққан тұрғындар үйлеріне жете алмай әлек болды. Бірақ, қарапайым жұртты аяған кейбір көлік жүргізушілер көшеде тоңып тұрған қариялар мен қыз-келіншектерді үйлеріне тегін жеткізді.

Фариза да аялдамада ұзақ автобус күткенін айтады. Тіпті кейбір қоғамдық көлік жүргізушілері тоқтамай, ашуына тиген. Абырой болғанда жол-жөнекей көлікпен өтіп бара жатқан жомарт жан аялдамада тұрған 3-4 адамды үйіне тегін апарыпты.

«Таксидің бағалары басына 1500-2000 тг деп жатты да, былай-ақ күні 500-700 теңгеге баратын жерге. Кейін бір таксист тоқтады. Отырыңыздар деп, бағасын да айтқан жоқ. Себебі тегін апарып тастаймын деді. Біз өте қуанып қалдық шынымен, себебі осындай қатты аязды күндері сондай жүрегі жылы өте мейірімді адамдардың барына қуаныштымыз бізді сол күні тегін әкеліп тастағанына» – дейді қала тұрғыны Фариза Манап.

Бұдан бөлек, қаладағы еріктілер тобы да бірнеше акциялар ұйымдастыруда. Солардың бірі «Тілектер шыршасы». Қайырымдылық шарасының мақсаты жалғызбасты аналар мен қарияларға, психикалық-неврологиялық ауытқуы бар, әлеуметтік әлужаз топтарға Жаңа жыл қарсаңында көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ізгі армандарын орындау.

Бұл “Тілек шыршасында” мүгедек балалар мен жалғызбасты қариялардың арман-тілектері жазылған. Олар Сіз ойлағандай қымбат планшет, смартфон сұрамайды. Мәселер қариялардың арманы оларға қарпайым көңіл бөлу. Мәселен мына хат-жолдамада 3 жасар Айтуар есімді бала Аяз Атадан Ақылды Қоян сұрапты.

«Мүгедек балалардың жалғызбасты, жағдайы төмендеу ата-аналарының тілектерін орындаймыз. Себебі ол балалар біздің балалар сияқты шыршаға бара алмайды. Жаңа Жылдың ғажайыбын сезе алмайды. Сондықтан оларға қуаныш болсын деп, кез-келген адам келіп конвертті ашып, сыйлық таратуына мүмкіндігі бар» – дейді ерікті Алтынай Қозиева.

Еріктілердің сөзінше, Астанада мейірімді жандардың қатары көбеюде. Мәселен, 1,5 аптаның ішінде қаладағы мүмкіндігі шектеулі 500-ге жуық бүлдіршін сыйлықтарын алып үлгерген. Қазірдің өзінде аптасына 2-3 рет хаттарды жаңартып тұрады.

Сонымен қатар, “Әзірет Сұлтан” мешітінің қызметкерлері де қала көшелерін аралап, қоғамдық жұмысшыларға көтеріңкі көңіл сыйлауға тырысты. Мәселен, имамдар сарышұнақ аязға қарамай көшенің тазалығын сақтап жүрген жұмысшыларға ыстық тамақ пен шай таратты. Бұл тек мереке күндері емес емес қаңтар және ақпан айларына дейін жалғасады дейді.

Игі іс тек өзге облыстарда да жалғасын табуда. Мәселен Оралда халыққа қызмет көрсету орталығында мереке қарсаңында “Арман-тілек шыршасы” орнатылыпты.

«Шараның басты мақсаты- ас қамсыздандырылған және де мүмкіншілігі аз балалардың арман-тілкетерін орындау. Сол балалардың арман-тілектерін орындауға қалталы немесе кісіпкерлерді оларға да осындай жасауға болатынын идея тастау болатын мақсатымыз» – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының пиар менеджері Жәдігер Дәрменов.

Қайырымдылық акциялары осы аптаның соңына дейін Алматы, Шымкент қалаларында жалғасын табады.Осылайша, мереке қарсаңында жұрт жаппай жақсылық жасауға ұмтылуда. Ол да ұзағынан болсын деп бізде тілейік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау