Елімізде жол сақшыларына алатаяқ қайтадан берілуі мүмкін

Сенбі, 29 Сәуір , 2017 12:15

Түнде полицейлердің бағдарды қайда көрсетіп тұрғанын мүлдем көрмейміз деп шағымданған сенаторлар кеше Ішкі істер министріне осындай ұсыныс жасады. Бұл туралы КТК хабарлайды.

17211-2_943a1d9f

Ал, жоғары палата депутаттарының бастамасына еліміздің бас полицейі ойлануға уәде етті. Сонымен қатар министрлік үлкен даудан соң ереже бұзғаны үшін салынатын айыппұлды азайтуға кіріскен.

Жол сақшыларының таяқтарынан айырылғанына 4 айдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде полицейлердің машинаны дауыс ұлғайтқышпен тоқтатып, қозғалысты қолмен реттеп жүргеніне жүргізушілердің еті үйренгендей. Тек, сенаторлар қолмен көрсеткен белгіні әлі түсіне алмай басы қатып жүр екен. Сондықтан Ішкі Істер министрінен “сиқырлы таяқты” қайтаруды сұрап отыр.

“Мен де көлік айдаймын. Кейде жол қозғалысын реттеушінің көрсеткен белгісін түсінбей қаламын. Мүмкін, тым болмағанда таяқты соларға қайтарып берсек қайтеді? Өйткені, онымен қозғалыс түнде де анық көрінеді”, – деді Сенат депутаты Серік Ақылбай.

Қазір сақшыларға таяқтың орнына ақ қолғап пен жарық түсіріп тұратын кеудемшелер берілген. Бұл олардың қараңғыда алыстан көзге түсуі үшін қажет. Мұндай талаптың Еуропа елдерінен алынғанын айтқан Ішкі істер министрлігі таяқты барлық жол сақшысына қайтарып беруге болмайды дейді. Оны тек қозғалысты реттеуші ғана ұстауы мүмкін.

“Жеке өзім жол қозғалысын реттеушіге таяқ ұстатуға қарсы емеспін. Өйткені, ол ыңғайлы. Жүргізушіге де бәрі түсінікті болады. Енді таяқты қайтару мәселесін Үкіметте талқылаймыз”, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха.

Әзірге алатаяқты қайтару мәселесі талқыланып жатқанда, кейбір айыппұлдардың көлемі 30 пайызға дейін азайтылмақ. Яғни, көлікті тұраққа дұрыс қоймау, күндіз шам жағуды ұмыту мен “тоқта” деген белгісі бар сызықтан өту және жылдамдықты асырған кезде кезде салынатын айыппұлдар 10 мыңнан 7 мың теңгеге азаяды. Жалпы полицейлер бас аяғы 14 бапты жеңілдеткелі отыр.

Айыппұл демекші енді оны төлеу де, әлдеқайда оңайырақ болмақ. Яғни, қазір ереже бұзған жүргізушілер айыппұлды банкте төлесе, түбіртекті полицияға апарып көрсетуге міндетті. Өйтпесе, ортақ базадан алынбайды. Енді мұндай артық жүріс болмайды. Екінші деңгейлі банктермен келісімге отырған Ішкі істер министрлігі айыппұл енді авотматты түрде өшеді деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Үйін су шайған 10 жасар Махаббатқа бүгін кәсіпкер ағасы пәтер кілтін табыстады (видео)

Мәдениет басқармасының қызметкері Қазыбек бидің сіңірген еңбегі жоқ деп жар салды (видео)

8 жасар қызды педофильден құтқарған оқушы: Гранттан бас тартқан жоқпын

Ораза ұстау кезінде жіберетін 10 қателік

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар