Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жезөкшелер өздерін транссексуал етіп көрсетіп, ақша тауып жүр

Қазақстандық жезөкшелер ақша табудың тағы бір әдісін ойлап тапқан. Ғаламтор желісінде көптеген жезөкшелер транссексуал қызметін ұсынатынын ашық айтады. Экономикалық дағдарыс отандық секс индустриясына да әсерін тигізген көрінеді.

900e3680202ddeca2813f52bf8285954

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Жезөкшелер қызметі айтарлықтай төмендеп кеткен соң, тәнін саудалаушылар осындай қадамға көшкен. Олар транссексуалдар ретінде қызмет көрсеткені үшін екі-үш еселеп ақша таба алатындықтан, олар косметикамен өздерін ер адамға ұқсатып, тіпті таңертең дауысы қатқыл шығу үшін мұз жұтады екен. Соның арқасында, ақшаны да жақсы табатын көрінеді.

Алайда, транссексуалдар қауымы жезөкшелердің мұндай әрекеттерін қарсылық танытуда.

«Жынысымды ауыстырғанға дейін менің өмірім тозақпен тең болды. Осыдан екі жыл бұрын жынысымды ауыстырдым. Бұл отаға рұқсат алу өте қиын. Бір айдай психиатриялық ауруханада жаттым. Секспотолог, гинеколог, эндокринолог, невропотолог мамандардың бақылауында болдым», – дейді алматылық транссексуал Эдера.

«Осының бәрін оңайлықпен бастан өткермегендіктен, ақша үшін біреулердің оңай жолмен біздің қатарымызға қосылғаны ауыр тиді. Біз ондай лас істермен айналысып, сайттарда қызмет ұсынбаймыз. Тайландта ер адамдар жезөкшелікпен айналысу үшін жынысын ауыстырады. Бірақ біздің елдің менталитеті басқа ғой.  Біздің өзіміздің арнайы тобымыз бар. Оның транссексуалдар бірлестігі екенін ешкім білмейді. Қазақстандық трансгендердің барлығы жұбын таба алған жоқ. Бірақ, уақыты келгенде олар да өз жұптарын кездестірер. Мен өз серігімді кездестіріп, тұрмысқы шықтым. Ол менің бұрын ер адам болғанымды да біледі», – дейді Эдера.

Оның айтуынша, 10 жыл ішінде 31 адамнан жынысын ауыстыру туралы арыз түсіп, олардың 25-іне рұқсат берілген екен. сол себепті Эдера көптеген транссексуалды жезөкшелердің қалай көбейіп кеткенінен таң қалды.

«Мен 10 жылдан бері комиссияның 31 арызды қарап, оның 25-іне рұқсат берген. Олай болса, біздің елде жүздеген трансгендер қайдан жүр. Мен отаны Иранға барып жасаттым. Бұл ислам елінде жыныс ауыстыру отасына 1979 жылдан бері рұқсат етілетінін бәрі біле бермейді», – дейді ол.

Біз өздерін трансгендер деп таныстыратын жезөкшелермен күрес жүргізбекпіз. Біздің әрекетімізден 11 алаяқ жезөкшенің ісі әшкереленді. Егер олар бұл әрекеттерін доғармаса, біз олармен кездесу ұйымдастырып, төбелесуге дейін барамыз, – дейді Эдера.

Татьяна Аладьина

Талқылау