Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жерді жалға берудің талаптары тағы өзгермек

Ауыл шаруашылығы министрлігі мораторий жарияланған Жер кодексінен бөлек, жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

1374573113_025

“Бір қолға шектеу қойып отырмыз. Бұрын бір қолға шектеу тек қана жекеге сатылғанда ғана болатын. Ал енді егерде жалға алатын болсаң, бұл жерде де бір қолға шектеу айтылғалы отыр. Бұл да алғаш рет қабылданғалы отырған нормалардың бірі”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.

Жерді пайдаланушыға да талап екі есеге күшейеді. Алқаптарды жалға бермес бұрын республикалық байқау жарияланады. Және фермерден алдын ала бизнес жоспар талап етілмек. Яғни, кәсіпкер жалға алған жерге не егетінін күні бұрын көрсетуі керек. Мырзахметов «Жер» туралы жаңа заң жобасын жақын күндері парламентке таныстырмақшы.

Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрі қазір қолданыстағы 24 миллион гектар алқаптағы бидайдың көлемін қысқартып, орнына жем-шөпті арттырмақ. Өйткені, елімізде малға азық жетпей жатыр екен. Сондай-ақ депутаттар есеп беруге келген Мырзахметовтен субсидияның да нәтижесін сұрады. Соңғы үш жылда ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия 500 миллиард теңгеден асыпты. Бірақ қыруар қаржы тиімді игерілмей жатыр. Мәжілісмендер жыл сайын қырылып жатқан мал мен киіктің санына да алаңдаулы.

“Киіктердің өлген жерінде мал неге өлмеді? Пастерелез бірнеше жылдан бері белгілі, ондай ауру бар екені. Оған қарсы шара қабылдап жатырмыз, деп бір айтылу керек қой. Бір де бір нәрсе естіген жоқпыз”, – дейдң мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейде ұры таксист жолаушыларын мандарин беріп улап отырған

Талқылау